АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Енгізілді: 24.11.2023Қаралғаны: 1310 рет

    «Инжиниринг және логистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Қодар  Ерден Тасыбекұлы өзара ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес Ақтөбе халықаралық қазақ-орыс университетінің 6В07511-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Квалиметрия» пәнінен «Квалиметрия пәні мен оның мазмұны және сапа көрсеткіштерінің түрлері» тақырыбында ZOOM платформасында онлайн-дәріс оқыды.

     Дәріс, арнайы безендіріліп әзірленген «слайд» материалдарын экранда көрсетіле отырып түсіндірілді.

  Дәріс соңында, «Квалиметрия» (Сапаны теориялық тұрғыда сандық бағалау ғылым саласы) пәнін алғаш рет 1968 жылдан бастап қолданысқа енгізген профессор А.В.Гличевтің сапаны бағалаудың ұқсастық әдісінің жалпы әдістемелік негізі және оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілгендігі туралы автордың өзінің видео-сұхбат түсіндірмесі білім алушыларға көріп-тамашалауға ұсынылды.

   Дәрістің мазмұнды оқылуы, білім алушылардың зор ықыласпен тыңдағандығы жайлы Ақтөбе халықаралық қазақ-орыс университеті профессор-оқытушылары тарапынан аталып өтті