«ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАСАҚТАЛҒАН АРНАЙЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Енгізілді: 23.11.2023Қаралғаны: 1301 рет

    Қызылорда «Болашақ» универсиететінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасында  2023 жылы жаңадан ашылған «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша жасақталған арнайы дәрісхананың ашылуының лента кесу рәсімі өтті.

   Дәрісхананы ҚР Бас прокуратура бастығының орынбасары Ермеков Данияр Жақсылықұлы, Қызылорда облысының прокуроры м.а. Тулегенов Исламбек Тынарбайұлы мен Университет ректоры Қайрат Бақбергенұлы салтанатты түрде ашып берді.

    Дәрісхананың ашылу рәсіміне келген қатысушылар мен  университет ректоры Қайрат Бақбергенұлы аталмыш кездесудің маңыздылығын атап, еліміздің құқықтық жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға дайын екендігін айтты.

 «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты профессор м.а. Г.И.Аргинбекова жасалып отқан шараның мақсаты–барлығы сапалы мамандарды даярлау үшін жасалып отырғандығын атап өтіп, салалық ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау университет үшін өте маңызды екенін жеткізді. Прокурорлардың, басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі студенттерге өте қажет екендігін және алдағы уақытта тәжірибе мамандарын студенттермен кездесуге, шеберлік қонақ дәрістерін өткізуге шақыратын боламыз деп өз ойын жеткізді.