ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

Енгізілді: 28.11.2023Қаралғаны: 1261 рет

  Өкінішке орай, жастар арасында қоғамдық тәртіпті бұзу мен өзара топтық төбелестер ұйымдастыру, өзгенің денсаулығына зиян келтіру немесе психологиялық қысым жасау тыйылмай тұр. Осындай олқылықтың алдын алып, оның жолын кесу үшін"AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанаты республика көлемінде төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп "Қауіпсіз қоғам" акциясын өткізуде.

    Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтитын жиын Қызылорда "Болашақ" университетінде арнайы ұйымдастырылды. Басқосуға "AMANAT" партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы, Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы және Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімше бастығы, полиция полковнигі Мақсұтов Дәулет Амангелдіұлы қатысты.

  Спикерлер университеттің оқытушы құрамы мен студенттеріне құқықбұзушылық, топтық төбелес, булинг пен нашақорлықтың жастардың болашағына қандай зияны бар екенін түсіндіріп, оның жауапкершілігі де жоғары болатынын ескертті.
Сонымен қатар, арнайы үйретілген иттің қылмыскерлер мен заңбұзушылықтарға қарсы қалай әрекет ететіндігі көрсетілді.

  Айта кетейік, бұл шаралар мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған жолдауынан туындайтын зорлық-зомбылық пен жастар және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тапсырмалары аясында жүзеге асуда.