ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ-ЕРТЕҢГІ «БОЛАШАҚ» СТУДЕНТІ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Енгізілді: 28.11.2023Қаралғаны: 1282 рет

 Заман талабына сай ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісінде өзіндік келбеті қалыптасқан Қызылорда «Болашақ» университетінің 2024-2025 оқу жылына студенттер қатарын толықтыру мақсатында пәндік олимпиада және кәсіби бағдар беру жөніндегі жұмыстары қазыналы Қазалы ауданында жалғасты.

 Пәндік олимпиадада  үздік нәтижеге қол жеткізген  оқушылар «Болашақ» университеті ректорының гранттарына иелік етеді. Олимпиадаға қатысушы әрбір оқушы үлкен үміт арқалап келеді.

  Алайда, ереже бойынша әр пәннен жеңімпаз үштікке грант бұйырмақ. Бұл оқуға ынтасы бар ауданның бітіруші түлектеріне үлкен мүмкіндік.

   Кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Г.А.Муратбаева, университеттің аға оқытушысы, т.ғ.к. А.Ә.Еңсепов және «Рекрутинг және мансап» орталығының жетекшісі Б.Р.Саймағанбетов ұстаздар мен оқушыларды заманауи бағытта дамып келе жатқан «Болашақ» университетінің әлеуеті мен материалдық-техникалық мүмкіндіктері жайлы хабардар етіп, оқушыларды әсем ғимаратта орналасқан жастардың ордасы,  аймағымыздағы ең танымал  оқу орынын таңдауға шақырды.

   Шараға қатысушы оқушылар «Болашақ» университеті жайлы мәліметтерге толық қанық болды.