КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖАҢАҚОРҒАНДА

Енгізілді: 04.12.2023Қаралғаны: 1023 рет

       «Болашақ» университетінің кәсіби бағдар беру тобы Жаңақорған ауданындағы мектеп  мұғалімдерімен кездесу барысында  магистратура жайлы, оқу-ағарту министрлігінің талабы және ынталандыруға қосылатын үстемақы туралы ақпарат берді. Еліміздегі «Мұғалім мәртебесі» туралы заң аясында педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын кәсіби стандарттар бар. Міне, еліміздің мұғалім-педогогтары онда көзделген талаптарға сай болуы керек. Ол үшін өзін-өзі дамыту, жетілдіру, іздену маңызды. Өзін дамытқысы келетін әр мұғалімге «Болашақ» университеті өз алаңын ұсынады.