ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ЖАРҚЫН «БОЛАШАҚТЫ» ТАҢДАЙДЫ

Енгізілді: 04.12.2023Қаралғаны: 1049 рет

    «Болашақ» университетінің аймағымыздың барлық аудандарында пәндік олимпиада өткізіп, тексеру комиссиясының шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушыларға университеттің ішкі гранттарын беруді жоспарлағаны мәлім. Кезекті шара Жаңақорған ауданындағы №110 мектеп-лицейінде өтті. Олимпиадаға қатысушы оқушылардың қарасы қалың. Демек, мектеп бітіруші түлектердің қай өңірде де көптеп жиналуы аймағымыздағы іргелі оқу орыны «Болашақ» университетінің студенттерге беретін сапалы білім, саналы тәрбиесінің жемісі.

          Шара барысында университеттің материалдық-техникалық мүмкіндіктері, ҰБТ-дағы өзгерістер туралы оқушылар мен мұғалімдерге нақты деректер келтіріліп, ақпараттар берілді. Кездесу соңында университет өкілдері қысқы демалыс кезінде оқушыларды университет ғимаратын, түрлі пәндік кабинеттер мен лабораторияларды, жатақханаларды көріп, танысу үшін экскурсия жасауға шақырды.