ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Енгізілді: 01.12.2023Қаралғаны: 1037 рет

  Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орай 1 желтоқсан күні «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде» 1-2 курс студенттерінің арасында гендерлік зорлық-зомбылық бойынша «Кейс» чемпионаты өтті.

 Аталмыш чемпионатқа Қызылорда «Болашақ» университеті атынан магистр, аға оқытушы Рысқұлова Айгерім Әскербекқызының жетекшілігімен «Логопедия» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Чемпионат нәтижесінде БҰҰ-ның елшісінің қатысуымен студенттер алғыс хатпен, жетекшілік еткен оқытушы сертификатпен марапатталды.