ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ КӘСІБИ БАҒДАР ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА

Енгізілді: 30.11.2023Қаралғаны: 1083 рет

    Қызылорда «Болашақ» университетінің ақпараттық насихат тобы аймағымыздың әр ауданының мектеп бітіруші түлектері арасында пәндік олимпиада және кәсіби бағдар беру жөнінде іс-сапарда жүргенінен оқырман қауым хабардар.

   Бүгін қасиетті мекен, талай дарынның туған топырағы, абыз Қорқыттың мәңгілік тұрағы болған Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіне келдік.

  Ауданның тірек мектебі, кеңес одағының батыры Т.Көмекбаев атындағы №250 мектепте  ауданның дарынды балалары қатысқан физика және биология пәндерінен олимпиада өз деңгейінде өтті.

    Балалардың олимпиадаға деген ынтасы, оқуға деген құлшыныстары қуантты.

   Екінші кезең мектептің акт залында кәсіби бағдар жөнінде түсіндірме жұмыстары мен университетіміздің өнерлі студенттерінің шағын концерттік номерлерімен жалғасты.

  Аудан орталығы мен ауылдардан пәндік олимпиадаға екі жүзге тарта оқушы қатысты.

    Абыз Қорқыттың аңыз топырағында Қызылорда «Болашақ» университетінің жас түлекке бағытталған шарасы ұйымдастырушылардың да, қатысушылардың да көңілдерінен шықты.