ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

Енгізілді: 01.12.2023Қаралғаны: 1020 рет

    «Болашақ» университетінің пәндік олимпиада өткізу және кәсіби бағдар беру
жөніндегі тобы өз жұмыстарын Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентіндегі №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей мен №35 И.Тоқтыбаев атындағы орта мектептерінде жалғастырды.

    Кездесуде Университеттің әлеуметтік және
мәдени даму жөніндегі проректоры Г.А.Муратбаева оқушылар мен
мұғалімдерге жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігі туралы ақпарат беріп
өтті.

    Университеттің аға оқытушысы, т.ғ.к. А.Ә.Еңсеповтің ҰБТ мен ықтимал
мүмкіндіктері жайлы айтқан әрбір ақпаратын мектеп мұғалімдері және
бітіруші түлектер ықыластана тыңдады. Кездесу соңында жоғары оқу
орнының өкілдері оқушыларды «Болашақ» университетін таңдауға шақырып,
әр жасөспірімнің қызықты шағы студенттік кезеңді әсем де, жайлы оқу
орынында сапалы білім алумен өткізуге кеңес берді.