ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

Енгізілді: 01.12.2023Қаралғаны: 1031 рет

    Түркі әлемінің бай мұрасы мен өркениетін тереңірек білу, зерделеу және дәріптеу мақсатында Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай Қырғыз-түрік Манас университетінде Түркі өркениетінің IV Халықаралық конгресі өтті.

   Конгреске Қызылорда Болашақ университеті «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ж.Нұрсұлтанқызы, ф.ғ.к., аға оқытушы А.Байдаулетова, магистр, аға оқытушы Л.Сапартаева қатысты.

   Конгресс төрағасы, профессор Мехмет Ариф Озербаш сөйлеген сөзінде: «Бұл жай ғана даму емес, бұл бауырлас елдермен мәдени байланыстарымызды нығайтудағы маңызды қадам»,–деді. Конгресс төрағасы іс-шара Халықаралық платформада үлкен аудиторияға перспективалар ұсыну, талқылау арқылы Түркі әлемінің мәдени байланыстарын нығайтатынына сенім білдірді.

   Конгреске түркі әлемінің 6 елінен (Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан) 230 ғалым қатысты. Конгресте барлығы 36 отырыс және 203 баяндама тыңдалды. 24 отырыс бетпе-бет, ал 12 отырыс онлайн-форматта өткізілді. Білім және мәдениет тақырыптарына арналған бұл конгресс Түрік әлемінің мәдени мұрасын халықаралық платформада үлкен аудиторияға ұсынуға және талқылауға мүмкіндік берді.