КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Енгізілді: 30.11.2023Қаралғаны: 1075 рет

     «Болашақ» университетінің пәндік олимпиада және кәсіби бағдар беру жөніндегі жұмыстары Жалағаш ауданында өз жалғасын тапты. Мақсаты– мектеп бітіруші түлектерді жоғары оқу орнының әлеуетімен жан-жақты таныстыру. 

  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде жастар туралы «Қазақстан–жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз–дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті– жастардың өзінөзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету»-деген болатын. Ел Президентінің тапсырмасын басшылыққа алған «Болашақ» университеті оқуға талап қылған жастарға көптеген мүмкіндіктер ұсынып, шараға қатысушы оқушылар мен мұғалімдерге мол мағлұмат берді.