МҰҒАЛІМДЕРГЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Енгізілді: 30.11.2023Қаралғаны: 1065 рет

   «Болашақ» университетінің кәсіби бағдар беру жөніндегі жұмыстары шеңберінде Жалағаш ауданы мектеп мұғалімдеріне жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы ақпарат берілді.

   Университет базасында 6 мамандық бойынша магистрлер даярланатынын, оның ішінде 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М01101-Педагогика және психология, 7М01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 7М01601-Тарих, 7М05201-Экология, 7М04101-Экономика мамандықтары бар екенін тілге тиек еткен университеттің аға оқытушысы, т.ғ.к. А.Ә.Еңсепов жиналған қауымның қызығушылығын тудырған сұрақтарға тұшымды жауап берді.