Ташкент қаржы институтында онлайн қонақ-дәрісі өткізілді

Енгізілді: 29.11.2023Қаралғаны: 1065 рет

   Бүгін «Болашақ» университетінде Ташкент қаржы институтының студенттері мен оқытушыларына арналған онлайн-қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика, аудит бизнес және басқару» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі-Жүсіпова Гүлназ Аппазқызы өткізді. Дәріс тақырыбы «Тайм-менеджмент. Уақытты қалай тиімді басқаруға болады».

   Дәрістің мақсаты уақытша ресурстарды басқару үшін қажетті құзыреттерді игеру, жеке тиімділікті арттыру, ұйымдастыру және уақытты тиімді пайдалану саласындағы құралдарды игеру. Диалог режиміндегі дәрісте жастардың болашақ кәсіби қызметіндегі практикалық ұсыныстар болып табылатын уақытты басқарудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қарастырылды. Бұл дәріс екі университет арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың нәтижелерінің бірі екенін көрсетті.