ҰСТАЗДАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Енгізілді: 05.12.2023Қаралғаны: 1044 рет

   Шиелі ауданы мұғалімдеріне «Болашақ» университетінің кәсіби бағдар жөніндегі тобы магистратура жайлы мол мағлұмат берді. Кездесу Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты №148 мектептің акт залында өтті.

  Мектеп мұғалімінің үнемі өзін-өзі жетілдіріп, дамытып, ұдайы ізденісте болуы керек екені даусыз. Себебі, баланы білімге ынталандыру үшін мұғалімнің өзі әр тақырыпты терең білуі ләзім.

  Осы орайда, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ә. Еңсеповтің берген ақпаратын қатысушылар ықыластана тыңдады. Кездесудің соңы әдеттегідей сұрақ-жауапқа жалғасты.