АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТЫ СНАПЧАТ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-БАҒДАРЛАМАШЫ МАМАНЫ «АҚШ ҮЗДІК КОМПАНИЯЛАРЫНДА ІТ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫМЕН БӨЛІСУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Енгізілді: 06.12.2023Қаралғаны: 1055 рет

«Болашақ» университетінің «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының  профессор-оқытушыларының ұйымдастыруымен университеттің конференц залында 2023 жылдың 6 желтоқсан күні Америка Құрама Штатындағы Снапчат компаниясының инженер-бағдарламашы маманы Әмір  Нұрсұлтан Темірболатұлының  «АҚШ үздік компанияларында ІТ саласы бойынша қызмет ету тағылымдамасымен бөлісу» тақырыбындағы қонақ дәрісі өткізілді.

Бас маман дәріс оқу кезінде өзінің Қазақстан елінде қарапайым мектепте білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдағаннан соң, шетелге барғаннан бастап қазіргі дәрежеге жету жолдарына дейін толықтай тоқталып, түсіндіріп айтып берді.

Әмір  Нұрсұлтан Темірболатұлы Вашингтон университетінде (University of Washington) компьютерлік ғылымдар (Computer Science) бағыты бойынша магистратурада білім алып, қызмет жолдарын HBO (Home Box Office)–Американың ақылы теледидар желісі, Meta (Facebook) – Американдық трансұлттық холдинг компаниясы және Facebook, Instagram, WhatsApp желілерінің бас ұйымы, Snapchat (ағылшын тілінен Snap chat — "жедел чат") секілді  ірі компанияларда жалғастыруда. Сондай-ақ АҚШ-қа белгілі Google, Meta, Amazon, Microsoft, LinkedIn, Uber, Snapchat, TikTok, Yelp, Cisco, HBO алпауыт 16 компанияларынан жұмысқа шақырту алған.

Инженер-бағдарламашы маман ретінде Нұрсұлтан Темірболатұлы білім алушыларға шетелдегі ІТ саласының барлық қыр-сырларын түсіндіріп, тәжірибе жолындағы ақыл кеңестерімен бөлісті. Болашақта барлық үйренген тәжірибиесін жинақтап, Қазақстан еліне әкеліп қолдану мақсаты бар екенін де атап өтті. 

ІТ бас маманның  дәрісі білім алушылар үшін пайдалы ақпараттарға толы болды және қосымша өзара сұрақ алмасып, маманнан тұшымды жауаптар алынды. Өз тәжірибиесімен бөлісіп, кеңестерін ұсынған Әмір  Нұрсұлтан Темірболатұлына ұжым атынан үлкен алғыс айтамыз!