ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА.

Енгізілді: 08.12.2023Қаралғаны: 1144 рет

Бүгін «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының   оқытушылары мен студенттері  Ақтөбе Қазақ-Орыс халықаралық университеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр  Ермаханова Индира Жақсылыққызының  «Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша  лекциясын тыңдады.

Лекция қызықты әрі тартымды өтті. Лектор  өзара пікір алмасу, сұрақ-жауап әдісімен аудиторияны  меңгеріп, байланыс орната білді.

Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор- оқытушылары да  өз тарапынан белсенділік танытып, тақырыпты игеру бағытындағы ой-пікірлерімен алмасты.