КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: СОҢҒЫ АУДАН – ШИЕЛІ

Енгізілді: 05.12.2023Қаралғаны: 1191 рет

«Болашақ»университетінің кәсіби бағдар беру жөніндегі ақпараттық тобы бүгін Шиелі ауданына ат басын тіреді. Аудандағы маңызды шара №148  орта мектепте өтті.
Барлық аудандарда «Болашақ» университеті ұйымдастырған пәндік олимпиада талай баланың бағын ашып, ата-аналарына қуаныш сыйлары анық. Себебі, жеңімпаздардың оқу ақысына 100%, 50%, 25% көлемінде жеңілдіктер қарастырылған.
Елдің дамуына, іргесінің берік болуына қызмет ететін жас буынға жолбасшылық жасау әрбір аға буынның міндеті екені айқын.

Аймағымыздағы іргелі оқу орыны «Болашақ» университеті абыройлы міндетті жақсы түсінеді және әлеуеті шеңберінде өз үлесін қосып келеді.
Шиелі ауданында орын алған бүгінгі шарада университет өкілдерінің алдына қойған мақсат-міндеттері толық орындалып, сапар соңы сұрақ-жауапқа ұласты.