ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚОНАҚ- ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 14.12.2023Өзгертілді: 04.01.2024Қаралғаны: 1503 рет

Ақтөбе Қазақ-Орыс Халықаралық университеті мен Қызылорда «Болашақ» университеті арасындағы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ақтөбе Қазақ-Орыс Халықаралық университеті «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Курманова Арайлым Ураловна  «Болашақ» университетінің 6В07501- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс білім алушыларына «Сертификаттау» пәнінен жұмыс оқу жоспарына сәйкес «Сертификаттау және сәйкестікті растау негіздері» тақырыбында қонақ-дәріс оқыды.

Дәріс барысында, қазіргі нарық жағдайындағы сертификаттау туралы нормативтік құжаттың алатын орны, оның халықаралық қатынастағы рөлі жайлы практикалық мысалдар келтіріле отырып, мазмұнды түсіндірме жасалды.

Дәріс, сұрақ-жауап түрінде аудиториямен өзара байланыста білім алушылар тарапынан зор қызығушылық тудыра отырып, мұқият тыңдалды.