ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ҒЫЛЫМ, БІЛІМ, ТЕХНОЛОГИЯ: ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Енгізілді: 09.12.2023Қаралғаны: 1321 рет

2023 жылдың 8-9 желтоқсанында  Қызылорда «Болашақ» университетінде  «Ғылым, білім, технология: ХХІ ғасырдың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.  Конференцияны «Болашақ» университетінің құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі  Б.С. Досманбетов ашты. 

      Пленарлық мәжілісте  «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.  Абдукаликова Әлима Жақыпқызы «Методика диагностического изучения ценностных ориентаций обучающихся на  профессиональную деятельность»,  Қызылорда «Болашақ» университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, а.-ш.ғ.д.  Тоқтамысов Әсет Мырзаханұлы «Влияние органо-минерального удобрения цеолит на урожайность риса в условиях Казахстанского Приаралья»,  Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі  Жалбыров Айдос «Күріш көшеттерін өсіру жағдайында гидропондық қондырғының  мүмкіндіктері», «Тұран» университетінің  магистранты  Социалова Дина Берікқызы «Внедрение обязательных пенсионных взносов работодателей в РК»  тақырыптарында баяндама жасады.

      Конференция шеңберінде 5 секция жұмыс жасады.  «Қазақстан тарихы  мен тіл білімі ғылымының басым бағыттары»  секциясы бойынша  19 баяндама,   «Құқық, экономика және басқарудың өзекті мәселелері» секциясы  39 баяндама,  «Жаратылыстану ғылымдарының заманауи мәселелері»  секциясы бойынша 26 баяндама,  «Техника мен технологиядағы инновациялар» секциясы бойынша 16 баяндама,  «Интерактивті оқыту технологиялары және білім беру саласындағы инновациялар» секциясы бойынша  53 баяндама,  барлығы 153  баяндама тыңдалды. Конференция материалдары  электронды түрде жарық көреді.