ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН БАЙЛАНЫС

Енгізілді: 14.12.2023Қаралғаны: 1305 рет

 Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Педагогика және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қырғызстан мемлекетінің Касым Тыныстанов атындағы Ысык-Көл мемлекеттік университетінің ғалымдары дәріс жүргізді. Атап айтқанда, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Байтикова Тилек Аянбаяевна «Инклюзивтік білім беру проблемаларын шешу жолдары»; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Курманалиева Чолпон Албановна «Ғаламға жол әліппеден басталады»; психология ғылымдарының кандидаты, доцент Чолпонкулова Назгуль Турдукалиевна «Мектепке дейінгі білім беруде психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыптарында дәріс өткізді.

  «Болашақ» университетінің профессор-оқытушы құрамымен тәжірибе алмасу мақсатында бірлесе жүргізілген іс-шара оқу-тәрбие үдерісіндегі мәселелерді шешуге бағытталған игілікті бастама болды. Екі бауырлас елдің оқу орындарының арасындағы бұл байланыс ПОҚ және білім алушылармен академиялық ұтқырлық, ғылыми жобалар, конференциялар, тәжірибе алмасу жұмыстарында жалғасын таппақ.