ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

Енгізілді: 06.01.2024Қаралғаны: 2595 рет

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ


          Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры Бақберген Қайрат Бақбергенұлы «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басшылық құрамымен Астана қаласында арнайы кездесіп, әріптестік байланыс орнату мәселелерін кеңінен талқылады.

Кездесуге «М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы және университет ректоры Сергей Геннадьевич қатысты. Бұл кездесудің басты мақсаты қос университет арасында ғылыми байланыс орнатып, оны әрі қарай дамыту, өзара тәжірибе алмасу, жоғары білім саласындағы жаңа белестерді бағындыру болып табылады.