БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Енгізілді: 28.12.2023Қаралғаны: 2563 рет

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

 

Жаңа жыл - жарқын мереке. Бұл қуанышты күн қарсаңында барлығы жан-жағына жарқын көңіл-күй сыйлауды қалайды. Таныс пен бейнетанысқа сыйлық беріп, жүздерге жылылық ұялатуға асығады. Бүгін №1 Облыстық балаларды оңалту орталығындағы ерекше бүлдіршіндерімізді  «Жаңа жыл» мерекесіне  құттықтап, Қызылорда «Болашақ» университеті ректоры және профессор-оқытушылары атынан сыйлықтар табысталды.

Университеттің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Г.А.Муратбаева ерекше балалардың  білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім-білік дағдысын, әлеуметтік ортаға бейімделуін қалыптастырып, балаларға қол ұшын беріп мейірбандыққа ұмтылған мекеме басшысын және қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.