БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМЫ

Енгізілді: 11.01.2024Қаралғаны: 2520 рет

    2017 жылдың ақпанында Сырдарияға салынған жаңа көпірдің үстіне шығып тұрып, «мына жерден кампус саламын» деген ой келді. Үлкен қалаларда әдемі, көрнекті ғимараттар өзеннің екі бетінде тұрады. Туған қаламызда да сондай сәні асқан биік ғимараттар бой көтеруі тиіс. Жаңа кампустың дарияның батыс бетіне түсетінін көзіме елестеттім. Ол кемі 14-15 қабатты болады, дарияның жиегіне баспалдақтар орнатылып, кешкілік студенттер «тамаша жексенбі күн көл басында, тұнықтан балық аулап бала отырса» дегендей, су жағалап қызыққа батады. Жатақханалары өз үйіндей, қай кезде барса да есігі ашық. Киноға кірем десе, театры тұр, әткеншек тепсе, жұп-жұп боп анау баққа барады. Бұл менің қиялым ғана емес еді. Кампус дегеніміз–осындай жағдайдың бәрін қамтитын қалашық. Сол оқу қалашығын салу Сырдарияның сол жағалауына жаңа қаланың іргетасын қалаумен байланысты іске асты.

ҰҒА академигі Бақберген Досманбетов