КИНОРЕЖИССЕР, КИНОДРАМАТУРГ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ТЕМЕНОВ ТАЛҒАТ ДОСЫМҒАЛИҰЛЫМЕН СҰХБАТ

Енгізілді: 17.01.2024Қаралғаны: 2536 рет

   Бүгін, Талғат Досымғалиұлы «Болашақ» университетінің құрылтайшысы, ҰҒА академигі, Мемлекет және қоғам қайраткері Бакберген Сәрсенұлымен арнайы кездесіп, сұхбаттасты.

  Теменов Талғат Досымғалиұлы–кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін және Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын С.А. Соловьевтің шеберханасы бойынша бітірген. «Адамдар арасындағы бөлтірік»,  «Махаббат бекеті», «Қызғыш құс», «Шаңырақ»  атты көркемфильмдердің режиссері. «Гүлнәз», «Ой жасын» повестері мен әңгімелерінің авторы.