ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ ПАРЫЗЫМЫЗ

Енгізілді: 28.01.2024Қаралғаны: 2590 рет

Күннің аязына, аптабына, қары мен жаңбырына қарамай, қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз ететін «Қызылорда тазалығы» мекемесі жұмысшыларының еңбегі орасан. Бүгін осындай адал еңбек иелеріне «Болашақ» университеті «Жастар және тәрбие бөлімінің» басшысы Е.А.Жұматаев бастаған университет белсенді студенттері ыстық шәй, дәмді тоқаштар ұсынды.