ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Енгізілді: 27.01.2024Қаралғаны: 2526 рет

Қаламыздағы қарттарға қамқорлық мақсатында «Болашақ» университеті мен   
«AMANAT» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» Жастар қанаты ұйымы бірлесіп қаламыздағы КБИ мөлтек ауданында тұратын қарияға қамқорлық танытты.
Осы ауданда тұратын қарттарға мол азық-түліктен тұратын көмек қоржынын беріп, есік алдындағы қарын күреп, аула ішіндегі заттарын жинастырып, жастар қарттардың батасын алып қайтты.