«ҚАЗАҚСТАН – ТАТАР БАСПАСӨЗІНДЕ» АТТЫ МОНОГРАФИЯ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Енгізілді: 25.01.2024Өзгертілді: 19.02.2024Қаралғаны: 2904 рет
Жақында «Тұмар» баспасынан «Қазақстан–татар баспасөзінде» атты монография жарық көрді.
Монография авторы – Қызылорда «Болашақ» университеті филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.А. Еңсепов.
Монография үш тараудан тұрады. Кітап Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасының негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, професссор К.Л. Есмағамбетовтың бұрын жазылған алғы сөзімен басталады.
Монографияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Т.Я. Сәтбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті К.М. Ильясова және Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Еспенбетова пікір білдірген.
Оқырманға ұсынылған монографияның ғылыми редакторы – «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов.