УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНАСЫ ЕКІТІЛДІ ОXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Енгізілді: 18.01.2024Қаралғаны: 4883 рет

Жобаға қолдау білдірген Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Әлемге танымал Oxford University Press баспасы екітілді Оxford qazaq dictionary сөздігін басып шығаруға ресми рұқсатымен және сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал 60000 мыңға жуық сөз қамтылған Оxford english dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынып, сөздік кең көлемде басылып, еліміздің оқу орындары мен кітапханаларына таратылған. Сөздікте қазіргі заманғы мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы және сауда салаларындағы жаңалықтарды қоса алғанда, қазақ және ағылшын тілдерінің қазіргі заманғы лексиконының ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, сөздікте ағылшын және қазақ грамматикасы, айтылуы мен орфографиясы ережелері бойынша қысқаша нұсқаулар, қазақ тіліндегі іскерлік және электрондық хат алмасу мысалдары бар.