ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ.

Енгізілді: 30.01.2024Қаралғаны: 6188 рет

Екі жүзден аса оқушылар қатысқан шара өз дәрежесінде өтті. Өткен жылдың қараша- желтоқсан айларында аймағымыздағы барлық аудан мектептері қамтылған пәндік олимпиада өткізілген болатын. Әр аудан бойынша екі пәннен өткен олимпиада жеңімпаздарына «Болашақ» оқу орынына оқу  ақысынан бірінші орын алған оқушы жүз пайыз, екінші орын елу пайыз, үшінші орын жиырма бес пайыз жеңілдік сертификатына ие болды. Сонда, әр ауданнан алты оқушыға «Болашақ» университеті мүмкіндік сыйлады.
Оқушыларға университеттің жатақханасы, жатақханадағы фитнес зал мен оқу залы, спорт залы, оқу орынының жылыжайы, бай қоры бар кітапхана, лабараториялары, заман талабына сай жабдықталған дәрісханалар таныстырылып, амфитеатр үлгісінде салынған студенттердің мәдени-шаралар залында «Ашық есік» күні қортындыланды.

Қорытынды жиында университет ректоры Қайрат Бақбергенұлы  оқушыларға оқу ақысына жеңілдіктер беретін сертификаттар табыстап, пәндік олимпиадаға оқушылардың белсенді қатысуына ықпал жасаған аудандық білім бөлімі басшыларына алғыс білдірді.