ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ БІРТУАР ТҰЛҒАСЫ АСАНӘЛІ ӘШІМОВ КІТАПХАНА ҚОРЫНА БІРҚАТАР КІТАПТАРЫН СЫЙЛАП ҚОЛТАҢБА ҚАЛДЫРДЫ

Енгізілді: 07.02.2024Қаралғаны: 6348 рет

Биыл қазақтың көрнекті режиссері, қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, даңқты актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл. Осыған орай Қызылорда «Болашак» университеті,  қазақ киносының біртуар тұлғасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген Совет Одағы мен Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов университетімізге құрметті қонағы ретінде шақырылды.«Қыз Жібек», «Трансібір экспресі», «Атаманның ақыры» сияқты талай тамаша туындыларда басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімовтің сахна мен түсірілім алаңындағы елеулі еңбегі әлі күнге жалғасып келеді. Кездесу барысында жоғары мәртебелі қонақ өзінің бірқатар кітаптарын кітапхана қорына сыйлап қолтаңба қалдырды.