АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Енгізілді: 28.02.2024Қаралғаны: 4965 рет

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында 12.02.24 - 23.02.24 жж. аралығында Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті, "Мұнайхимиялық инжиниринг" кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.,  PhD  М.Қ. Қаражанованың Қызылорда "Болашақ" университетінің білім алушыларына "Құрлықта, теңізде мұнай газ кен орындарын игеру және пайдаланудың заманауи техникасы мен технологиясы"  тақырыбында дәрістері өткізілді.

Мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ кен орындарын, Қазақстан аумағындағы мұнай кен орындарын игерудің ерекшеліктері мен тиімділігі және оларда қолданылатын қазіргі заманғы техника мен технологиялар туралы мәселелер қаралды. Өткізілген сабақтар білім алушы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен өткізілген дәрістерді қорытындылай келе, PhD  Қаражанова Марал Қойлыбайқызына университет басшылығы алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыс етті.