СТУДЕНТТЕР ТАРИХИ КЕСЕНЕЛЕРГЕ БАРДЫ

Енгізілді: 02.03.2024Қаралғаны: 4325 рет

СТУДЕНТТЕР ТАРИХИ КЕСЕНЕЛЕРГЕ БАРДЫ 

«Болашақ» университетінің белсенді студенттерін аймағымыздағы қасиетті орындарға апарып, олардың тарихымен таныстырып қайттық. Азанғы уақытта Сырдария ауданында тұрған Қалжан ахун Бөлекбайұлының медресесінен басталған сапарымыз  Жосалыдан шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы). Марал ишан Құрманұлының кесенесіне барып, студенттерге Марал баба мен ұрпақтарының тарихын жеткізумен жалғасты. Сапарымыздың қортындысы Қорқыт бабамыздың ескерткіш кешенін таныстырумен түйінделді. Әрбір студентке ел үшін еңбек еткен тұлғаларымызды танытып, аңыз бабаларымыз жайлы тереңірек түсіндіру ұстаздардың міндеті.

Тағылымды сапарды бастап барған «Болашақ» университеті «Рекрутинг және мансап» орталығының жетекшісі Б.Саймағанбетов, «Жастар және тәрбие» бөлімінің басшысы Е.Жұматаев және университетіміздің тарих пәнінің оқытушысы Е.Елеуов.