«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ» Хабаршысында «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы ғалымдарының ғылыми мақалалары жарық көрді.

Енгізілді: 03.04.2024Қаралғаны: 3739 рет

«Халықаралық Полиция Академиясы» жоғары білім берудің автономды коммерциялық емес ұйымы (Тула қ., Ресей Федерациясы) 2023 жылдың желтоқсан айында «Белгісіздік әлеміндегі адамның өміршеңдігі» тақырыбында конференция өткізді. Конференцияда қазіргі жағдайда жеке тұлғаның психологиялық саулығын қамтамасыз етудің теориялық және қолданбалы мәселелері, болашақ мамандардың кәсіби өміршеңдігі мәселесі, сын-қатерлер мен қауіп-қатер жағдайында өміршең білім беру ортасын құрудың заманауи технологиялары және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

«Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы конференция жұмысына белсенді қатысты.

Конференция материалдары жинағы ISSN халықаралық стандарты беріліп, РИНЦ ұлттық ақпараттық-аналитикалық жүйесінде жарияланды.