САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ- ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ АТТЫ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Енгізілді: 04.04.2024Қаралғаны: 3792 рет

«Болашақ» Университеті  «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен   «Сағадат Нұрмағамбетов – ұлт мақтанышы» атты тақырыбында    «Құқық»  бағытында оқитын білім алушыларға және кафедраның профессор-оқытушыларына  тәрбие сағаты   өткізілді.  Тәрбие сағатында  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Әділет подполковнигі, заңтану магистрі  Наурызбаев  Бахыт Абибуллаұлы Сағадат Қожахметұлының өмірі, келбеті,  жауынгерлігі, әскери тәртіп пен қалтқысыз қырағылықтығы, батылдығы мен батырлығы, ерлігі жайлы сөз қозғап білім алушыларға жеткізе білді.

Кафедра оқытушылары   Бекманова Жулдызай Умирзаковна және Ержанова Зауре Алтыбаевна  ерлігі насихатталған «Халық жүрегіндегі батыр» атты көрме ұйымдастырып, білім алушыларға таныстырып, насихаттау жұмысын жүргізді. Кездесу барысында білім алушылар сұрақтар қойып,  жауаптар алынды.