УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ «ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР:ЖЕТІСТІКТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ.

Енгізілді: 10.04.2024Өзгертілді: 11.04.2024Қаралғаны: 3535 рет

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ «ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР:ЖЕТІСТІКТЕР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ.

 2024 жылдың 10 сәуір күні  «Анаға тағзым орталығының» конференц залында  «Ғылымдағы әйелдер:жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қызылорда Болашақ университетінен қонақ ретінде «Экономика аудит, бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушылары, э.ғ.к. А.Т.Райымбекова мен Г.А. Мұратбаева қатысып келді.

Дөңгелек үстел барысында  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының «Ғылымдағы әйел бейнесі:қазақстандық нұсқа», «Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің құқықтық аспектілері», «Қазақтың философиялық дүниетанымдағы әйел болмысы» тақырыптарындағы  баяндамалары тыңдалды.

Әсіресе нақты сандармен сөйлеген  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және басқару» БББ-ның доценті, э.ғ.к. Абдимомынова Алмакул Шакирбековнаның баяндамасын атап өтуге болады. Баяндамада жалпы, ресми статистика бойынша елімізде 18 мың ғалым бар екендігі,  ондағы әйелдердің үлесі соңғы 17 жылда жалпы ғалымдар санының 50 пайызының шамасында тіркелгендігі,  оның ішінде жынысы және жас тобы бойынша әйелдердің үлесі 65-тен жоғары деңгейде күрт төмендегені, одан әрі ерлер мен әйелдердің ғылым саласындағы дәрежелері бойынша үлесін, яғни ғылым докторларының үлесі ерлер тарапынан 55,5 пайызға, бейіні бойынша докторлардың үлесі 10,2 пайызға артық екенін көруге болатындығы, ғалым әйелдердің қызмет етіп жатқан ғылым саласы бойынша үлесі нақты графиктерде көрсетілген.

Дөңгелек үстел еркін түрде пікір алмасумен аяқталды.