ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ЖАС ҒАЛЫМ - 2024» БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Енгізілді: 12.04.2024Қаралғаны: 2491 рет

2024 жылдың 12 сәуір күні Қызылорда «Болашақ» университетінде Ғылым күніне орай «Жас ғалым-2024» тақырыбында білім алушылардың дәстүрлі республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференцияға Алматы, Астана, Ақтөбе және т.б. қалалардың түрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен магистранттары қатысты.

Конференция мақсаты–университет және колледж білім алушыларының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін анықтау және қолдау, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Конференция қатысушыларын «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов құттықтады.

Конференцияда жасалған баяндамаларға қатысушылар шынайы қызығушылық танытып, олардың әрқайсысы бойынша белсенді пікірталас өткізілді.