ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУТИЗМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАТУ КҮНІ!

Енгізілді: 15.04.2024Қаралғаны: 2024 рет

2024 жылдың 15 сәуірінде дүниежүзілік Аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай Қызылорда «Болашақ» университетінде «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы білім басқармасының «АСЫЛ МИРАС» аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары педагогикалық бағыттарға қарасты білім беру бағдарламаларының білім алушыларына ерекше білім алуды қажет етететін балдарға қолданылатын «Джаспер» және «Ерте қолдау» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ic-шара барысында орталық мамандары Жүсіпбекова Қымбат «Джаспер» әдістемесінің мақсатына орай баланың белсенділігін арттыру, балалармен әлеуметтік коммуникацияны құру және Мақсұтова Самал «Ерте қолдау» бағдарламасының басты мақсаты ата-ананы баласымен қарым-қатынас жасауға үйрету жолдарымен таныстыра отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Білім алушылар мамандарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі толық ақпарат алды.