ТЕРГЕУШІЛЕР СЛЁТІ ӨТТІ

Енгізілді: 26.04.2024Қаралғаны: 625 рет

 Қызылорда  қаласы «Болашақ»  университеті «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы мен облыстық прокуратура  ұйымдастыруымен «Тергеушілер слёті» өткізілді. Слётқа тәжірибе мамандары, яғни тергеу мен анықтау саласының мамандары сот, адвокатура, кәсіби сарапшылар, күштік құрылым басшылары, сала ардаргерлері мен ғалымдар және білімалушылар қатысты.Шараны облыс прокуроры Ризабек Ожаров  ашып, қылмыстық істерді тергеудің жүйелік қазіргі таңдағы проблемалық мәселелеріне тоқталды және оларды тиісінше тиімді шешу жолдарын ұсынды.

Жиын қорытынды нәтижесінде  қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген тәжірибе мамандар мен ғалымдар облыс прокурорының «Алғыс хатымен» марапатталды.