ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Енгізілді: 03.05.2024Өзгертілді: 24.05.2024Қаралғаны: 3568 рет

       Үстіміздегі жылдың 2 мамыр күні Қызылорда «Болашақ» университетінде аға  оқытушы Ақан Задаұлын салтанатпен зейнетке шығарып салуға және филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлының 50 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған Ғылыми кеңес отырысы болып өтті.

      Саналы ғұмырын білім, ғылым саласына жұмсаған әріптестеріне унверситет ұжымы алғаусыз тілектерін арнады.  Айта кетейік, Мадиров Ақан Задаұлы 1961 жылы 21 наурызда Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылында дүниеге келген. 1978 жылы №29 орта мектепті бітірген. 1980-1982 жылдары әскер қатарында болып, 1983-1987 жылдары Қарағанды дене тәрбиесі институтын, қазіргі Букетов атындағы университетті тамамдаған. Еңбек жолын Қармақшы ауданында бастаған әріптесіміз 1989-2016 жылдар аралығында Гоголь атындағы пединституттың «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында аға оқытушы болып еңбек еткен. 2018 бастап осы уақытқа дейін «Болашақ»  университетінде аға оқытушылық қызметті атқарып келеді.

    «Әлімсақ» журналының және «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы, журналист, әдебиетші ғалым Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы 1974 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Салтанатты отырыста ғалымның  жеткен жетістіктері мен ғылыми еңбектеріне тағы бір мәрте шолу жасалып, университет ғалымдары тарапынан құттықтаулар айтылды. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанатында  мағыналы ғұмыр кешіп, зейнет жасына келген Ахан Задаұлына және ер жасы елуді толтырып  жатқан Нұрлан Көбегенұлына «Болашақ» университетінің ректоры Д.Б. Досманбетовтың құттықтау хаты мен университет атынан қаржылай сыйлық табысталды.