Университетте белгілі қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
Енгізілді: 25.04.2024Қаралғаны: 3924 рет
Университетте белгілі қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды
25.04.2024ж Қызылорда «Болашақ» университеті белгілі қоғам қайраткері Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған «Берен тұлға Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференцияға университет кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге белгілі қоғам қайраткердің еңбектері, естелік суреттері, мақалалары қойылды.
Еске алу құрметіне орай, университеттің мәдени-бұқаралық іс-шаралары өтетін 500 адамға арналған Атриум залы мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев атына берілді