2024 жылғы түлектердің «Болашақ – бақыт бастауы» атты салтанатты қоштасу кеші болып өтті.

Енгізілді: 28.06.2024Қаралғаны: 3541 рет

       Негізгі мақсат – түлектерге диплом табыс ету және оларды үлкен өмір жолына шығарып салу, елін, жерін сүюге, Отан анасын, жакын жандарды құрметтей білуге, өткенін ұмытпауға шақыру.

        Түлектерге құттықтау сөз арнап, озат  студенттерімізге диплом табыс ету үшін ортаға «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Б.С. Досманбетов шығып, «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі – жастардың  қолында. Олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетелейді»,- деп, жастарға сәттілік тіледі.

        Кешке  №101 Әли Мүсілiмұлы атындағы мектеп-лицей директоры Өткелбаева А.А., «Фридом Банк Кызылорда филиалының  директоры Жетпісбай А., Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, Әділет Подполковнигі Наурызбаев Б.А., ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Сихымов Ғ.Б., «GRAND master» ЖШС бағдарламалау мектебінің директоры Қуанышбаев А.Ж., «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры Қалымбетов Е.С., №11 А. Байтұрсынов атындағы мектеп директоры А.Шорабекқызы қатысып, жас түлектерге жүрекжарды лебіздерін білдірді.

         39 мамандық бойынша 1670 түлекке диплом табысталған шара жоғары деңгейде өтті. Біз де университет бітіруші жастардың үлкен өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тілеп, шығарып салдық.