Хабарландыру!

Енгізілді: 12.09.2019Өзгертілді: 01.01.1970Қаралғаны: 2021 рет

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚР Білім және ғылым министрінің келесі бұйрықтарына сәйкес рәсімделген білім беру гранттары куәліктерінің дайын екендігін хабарлайды.

1)    ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №370 «2019-2020 оқу жылында жазғы емтихан сессиясының жоғары білім алу  процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйрығы;

2)    ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №317 «Ағылшын тілінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйрығы;

3)ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы   №341 «ҚР  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындаоқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» бұйрығы;

     Білім беру гранты куәліктері жоғары оқу орнының өкілдеріне сенімхат пен жеке куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі) негізінде беріледі.

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімдері жоғары оқу орындарының электрондық пошталарына алдын-ала жіберілген.

         Сенімхатта білім беру гранты куәліктерінің саның және бұйрық нөмірін көрсетпеулеріңізді сұраймыз.