ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!

Енгізілді: 30.12.2025Қаралғаны: 2041 рет

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ!


             Жылдар алмасқан сәт — адам баласын ойға жетелеп, өткенге таразы, келешекке бағдар жасататын ерекше кезең. Тағы бір жылды артта қалдырып, жаңа үміттер мен тың мақсаттарға толы Жаңа жылға қадам басқалы отырмыз.

Сөз бен ойдың, тіл мен танымның қасиетін ардақтаған біз үшін әрбір жаңа жыл — рухани жаңғырудың, білім мен ғылымға деген адалдықтың жалғасы. Өткен жыл ізденіс пен еңбектің, сабыр мен жауапкершіліктің сын сағаты болды. Алдағы жыл сол еңбектің жемісін көретін, игі бастамаларымыз баянды болатын кезең болғай.

Жаңа жыл әр шаңыраққа тыныштық пен татулық, әр жүрекке сенім мен үміт сыйласын. Ғылым жолындағы ізденістеріміз тереңдеп, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық миссиямыз асқақтай берсін. Ұлттық руханияттың тамыры тереңдеп, ана тіліміздің мерейі үстем болсын.

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми табыс пен отбасылық береке тілеймін. Әр күніңіз мәнді, әр ісіңіз нәтижелі болғай!
Жаңа жыл құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Гүлжахан  Жұмашқызы  Снасапова,

филология ғылымдарының кандидаты,  "Болашақ" университетінің ректоры