ҚҰРМЕТТІ АҒАЙЫН, АРДАҚТЫ ЕЛ-ЖҰРТ!

Енгізілді: 30.12.2025Қаралғаны: 1061 рет

ҚҰРМЕТТІ АҒАЙЫН, АРДАҚТЫ ЕЛ-ЖҰРТ!


              Жылдар көшін жалғаған тағы бір Жаңа жыл табалдырығымыздан аттағалы тұр. Уақыт — сынаптай сырғып, адам баласына сабыр мен шүкірді, үміт пен жауапкершілікті қатар сыйлайтын қасиетті ұғым. Артта қалған жыл әрқайсымызға тағылымды із қалдырды, ал алда тұрған жаңа жыл — жаңа арман, тың мақсат, игі бастамаларға толы болғай!
Жаңа жыл — жүрекке үміт ұялататын, жанды жаңғыртатын, жақсылыққа жетелейтін мезет. Осы жарқын шақта әр шаңыраққа шаттық пен береке қонсын, әр отбасының төрінде ынтымақ пен ырыс орнықсын. Елдің еңсесі биік, жұртымыздың бірлігі берік болсын!
Алдағы жылда атқарылар ісіміз баянды, ниетіміз ақ, еңбегіміз нәтижелі болғай.

Ұрпағымыз ұлағатты, тәуелсіз еліміздің тұғыры мығым болсын. Қай істе де елге қызмет ету  ең үлкен мұрат екенін ұмытпайық.

Жаңа жыл баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, ел-жерімізге тыныштық әкелсін! Ақ түйенің қарны жарылғандай қуаныш пен құт-береке молынан жолықсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов