МАҚТАНЫШҚА ТОЛЫ КЕШ
Енгізілді: 18.12.2025Қаралғаны: 1020 рет
МАҚТАНЫШҚА ТОЛЫ КЕШ
Кеше Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында дарынды өнер иесі, Қызылорда «Болашақ» университетінің түлегі Константин Луцаның шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.
Бұл кешталантпен табандылықтың, еңбектің және үлкен сахнаға апарар жолдағы адал ізденістің айқын көрінісі болды. Көрерменге рухани ләззат сыйлаған концертте Константиннің өнер жолындағы қалыптасуы, вокалдық шеберлігі мен сахналық мәдениеті айрықша сезілді.
Аталған мәдени кешке «Болашақ» университетініңпрофессор-оқытушылары мен білім алушылары арнайы барып, түлегіне қолдау білдірді. Бұл – ұстазбен шәкірт арасындағы рухани байланыстың, университет қабырғасынан басталған сенім мен үміттің нақты дәлелі.
Константин Луца – өз талантымен ғана емес, еңбегімен, қарапайымдылығымен және көпұлтты мәдениетті дәріптеудегі белсенді ұстанымымен үлгі бола білген жас. Оның әрбіржетістігі – бізүшін ортақ қуаныш, ортақ мақтаныш.
Талантты түлегімізге шығармашылық шабыт, толағай табыс пен биік белестер тілейміз!
Қазақша
Русский
English














