ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ» КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Енгізілді: 18.12.2025Қаралғаны: 1544 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ» КУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

«Күміс университет» жобасының әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән беріп, аға буын өкілдерін қолдау – оқуорнының басты бағыттарының бірі.

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Күміс университет» жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазыналы қарт» курсы өз мәресіне жетті.

Аталған курста қисса-жыр дәстүрінің тарихи сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері кеңінен қамтылды. Курс тыңдаушылары дәрістердің мазмұндылығы мен практикалық мәнін жоғары бағалады.

Курсты «Филология, журналистика және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, жыршы Б.Р. Саймағанбетов жүргізді.

Университет Құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтің курс туралы пікірі:

«Аға буын – ұлттың рухани тірегі, өмірлік тәжірибе мен даналықтың иесі. «Күміс университет» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған «Қазыналы қарт» курсы қарияларымыздың қоғам өміріне белсенді араласуына, білімін жетілдіруіне және ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуіне жағдай жасауды мақсат тұтады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады».