ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЙСАРЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

Енгізілді: 12.12.2025Қаралғаны: 844 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЙСАРЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

 

2025 жылдың 12 желтоқсан күні Қызылорда «Болашақ» университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – қайсарлықтың тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Жиналған қауымды ЖОО Құрылтайшысы, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы мерекемен құттықтап, тәуелсіздіктің тарихи мәніне тоқталды.

Шара барысында ерекше еңбегімен көзге түскен профессор-оқытушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс» хаттары табысталды.

Білім алушылар патриоттық әндер шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

    Іс-шара жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыруға, ел тарихына құрметпен қарауға бағытталған мазмұнымен ерекшеленді.
Тәуелсіздігіміз тұғырлыболсын!