«ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫН СУРЕТТЕЙТІН «БАЛА ШАҚТАН–БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСІНДЕГІ «ӨЛГЕНІ ТІРІЛІП, ӨШКЕНІ ЖАНҒАН» БӨЛІМІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Енгізілді: 30.11.2025Қаралғаны: 1191 рет

«ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ ТҰЛҒА, САЯСАТКЕР БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫН СУРЕТТЕЙТІН «БАЛА ШАҚТАН–БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСІНДЕГІ «ӨЛГЕНІ ТІРІЛІП, ӨШКЕНІ ЖАНҒАН» БӨЛІМІН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

«Инжиниринг және логистика» кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларыҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сәуле Досжанның ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұлға, саясаткер болып қалыптасуын суреттейтін «Бала шақтан–болашаққа»аттығұмырнамалық-танымдық повесіндегі «Өлгені тіріліп, өшкені жанған» бөлімін талқылады.

Жазушы бұл еңбегінде отбасылық тәрбие, әке өнегесі арқылы адам бойындағы мейірім, адалдық, еңбекқорлық сияқты құндылықтардың уақытпен жойылмайтынын көрсетеді.

Повестегі саяси-дипломатиялық оқиғалар тәуелсіздік жылдарындағы елдің қайта түлеуі мен ұлттық мүдденің жаңғыруын ашады. «Өлгені тіріліп, өшкені жанды» тіркесі тек жеке тағдырдың емес, бүкіл халықтың тарихи санасының жаңаруының символы іспеттес.

Автор Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеке өмір жолын ел дамуымен сабақтастырып, әрбір адамның жеке жетістігінің қоғамның алға жылжуына,жаңғыруына ықпал ететінін айқындайды. Осы арқылы шығарманың ұлттық рухани жаңғыруды көркем түрде бейнелейтін құнды туынды ретінде ерекшеленетінін көреміз.