ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНДА СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТАНЫСТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.
Енгізілді: 04.12.2025Қаралғаны: 551 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНДА СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БАЛА ШАҚТАН – БОЛАШАҚҚА» АТТЫ ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ПОВЕСТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТАНЫСТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ.
Кітапта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұлғалық қалыптасуына ықпал еткен отбасылық орта жан-жақты ашылады. Оның болмысын түсіну үшін ең алдымен әке мен ананың өмір жолына үңілу қажет.
Әкесі Кемел Тоқаевтың қиын балалық шаққа қарамастан табандылықпен әдебиет пен журналистикада өз орнын тапқаны еңбектің, төзімділіктің бағасы екені айқын көрінеді. Бұл қасиеттер кейін ұлына берілген тәлімнің өзегіне айналды.
Ал анасы Тұрар Шабарбаева – отбасылық берекені басты құндылық деп білген, бала тәрбиесіне бар жан-тәнімен ден қойған парасатты жан. Үй ішіндегі жылы атмосфера, тәртіп пен қамқорлық, кітапқа деген құрмет жас Қасым-Жомарттың мінезі мен дүниетанымын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Анасы отбасын ұйытқан мейірім мен жауапкершілік үлгісін көрсетсе, әкесі еңбекқорлық пен талмай ізденудің бағасын үйретті.
Үйде кітап оқуға ерекше мән берілуі, рухани мәдениеттің жоғары болуы, білімге құрмет көрсету болашақ Президенттің табиғи алғырлығын одан сайын оятты. Осындай ортада өскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасынан кітапқа құмар, зерек әрі талапшыл болуы заңды еді. Ол мектепте үздік оқып, жаңа білімді тез меңгеруге бейімділігін көрсеткен. Шетел тілдерін, соның ішінде ағылшын тілін ерте жастан үйренуге деген ынтасы оның болашақ кәсібіне бағыт берді.
Жеткіншек шағынан-ақ дүниетанымы кең, өзін дамытуға ұмтылған Қасым-Жомарт Кемелұлы кейін жоғары білім алып, дипломатия саласында кәсіби жолын бастайды. Ол Қытайда, Сингапурда және басқа да елдерде дипломатиялық қызметте еңбек етіп, халықаралық қатынастардың күрделі қырларын меңгерді. Бұл кезең оның кәсіби тәжірибесін тереңдетіп, әлемдік саясаттың ішкі динамикасын түсінуіне зор мүмкіндік берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі биік дәрежеге жетуінің негізі – бала күнінен қалыптасқан тәрбие, отбасындағы парасат пен мақсаткерлік, еңбексүйгіштік пен білімге деген шексіз құштарлық. Әке мектебі, ана мейірімі, мәдениетті әрі рухани бай шаңырақта өсуі оның тұлғалық дамуының мызғымас іргетасы болды.
Президенттің өмір жолының түп-тамыры тереңде жатқанын, оның мемлекет басшысы ретінде қалыптасуы кездейсоқ құбылыс емес, саналы тәрбиенің, үздіксіз еңбектің және жоғары адамгершілік құндылықтардың заңды нәтижесі екенін айқын көрсетеді.
Қазақша
Русский
English














