ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Енгізілді: 05.12.2025Қаралғаны: 9 рет

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Астана халықаралық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік әлеуметтік-психологиялық жоба–2025» республикалық байқауында Қызылорда «Болашақ» университеті «Арнайы педагогика және психология» кафедрасының 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары «Виртуалды және интернет тәуелділігінің жеткіншектер агрессивтілігіне әсері» атты жобасымен ІІ орын иеленді!

Бұл жетістік – талмай еңбектенген топ мүшелері Ж.Е.Дәуітбекова, А.Б.Қабадулла, А.Нұрланқызының шығармашылық ізденістері мен жетекшісі М.Д.Касымбекованың бағыт-бағдарының жемісі.

Жоба барысында жасөспірімдердің цифрлық орталықта кездесетін қиындықтары, интернет тәуелділігінің психологиялық әсері және агрессияның көтерілу себептері ғылыми тұрғыдан зерттелді. Бұл еңбек – тек ғылыми жұмыс қана емес, қазіргі қоғам үшін маңызды әлеуметтік мәселені қозғаған жобалардың бірі.